Ұлытау облысында оқу-жаттығу өткізілді
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу мақсатында, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықты тарта отырып, 8-14 шілде аралығында Ұлытау облысының аумағында «ОРМАН» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Ұлытау ауданының «Ұлытау ұлттық табиғи паркі» РММ-не тиесілі тоғай аумағында өрттің алдын алу бойынша жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығуға ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдарының, Ұлытау ұлттық табиғи паркінің, жедел мединициналық жәрдем қызметінің 32 адам, 8 бірлік техника қатысты.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -