Ұлытау облысы тұрақтандыру қорының қызметі аудиторлық тексеруден кейін жандандырылды: Астана қаласы, 05 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ұлытау облысы тұрақтандыру қорының қызметі аудиторлық тексеруден кейін жандандырылды

Ұлытау облысының тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларының жаңа партиялары сатып алынды, ал бұрын сатып алынғандары өңірдің сауда нүктелеріне бөлінді. «Ұлытау» ӘКК» АҚ Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін тиісті шаралар қабылдады.

Облыста бірінші жартыжылдықта жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша «Ұлытау» ӘКК» АҚ-ға бірқатар тапсырма берілді. Атап айтқанда, тұрақтандыру қорын қалыптастыруға бөлінген шамамен 326 млн теңгені тиімді пайдалану мәселесін пысықтау, сондай-ақ өңірде бағаны тұрақтандыру үшін бұрын сатып алынған азық-түлік тауарларын ұтымды пайдалану.

Бүгінгі таңда ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын орындау шеңберінде жалпы сомасы 197 млн теңгеге 50 тонна сиыр еті, 50 тонна макарон өнімдері, 30 тонна тауық еті және 1 млн дана тауық жұмыртқасы сатып алынды. Қалған 128,9 млн теңгені жыл соңына дейін қосымша интервенциялар қажет болған жағдайда жұмсау жоспарлануда.

Сонымен қатар бұрын сатып алынған 2,3 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен 1 санаттағы 200 мыңға жуық жұмыртқа облыстың сауда нүктелеріне бөлінді. Жыл соңына дейін қолда бар 80 тонна жеміс-көкөніс өнімін интервенция жасау жоспарлануда.

Бұдан басқа, «Ұлытау» ӘКК» АҚ «Khan Ordasy» қонақ үй кешенін пайдалануға беру және шарттың құны мен жұмыс жүргізу мерзімін ұлғайтпастан, басқа қонақ үй объектісін салу жөніндегі жобалау-сметалық құжаттамаға қажетті өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылдады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Ұлытау облысының тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларының жаңа партиялары сатып алынды, ал бұрын сатып алынғандары өңірдің сауда нүктелеріне бөлінді. «Ұлытау» ӘКК» АҚ Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін тиісті шаралар қабылдады.

Облыста бірінші жартыжылдықта жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша «Ұлытау» ӘКК» АҚ-ға бірқатар тапсырма берілді. Атап айтқанда, тұрақтандыру қорын қалыптастыруға бөлінген шамамен 326 млн теңгені тиімді пайдалану мәселесін пысықтау, сондай-ақ өңірде бағаны тұрақтандыру үшін бұрын сатып алынған азық-түлік тауарларын ұтымды пайдалану.

Бүгінгі таңда ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын орындау шеңберінде жалпы сомасы 197 млн теңгеге 50 тонна сиыр еті, 50 тонна макарон өнімдері, 30 тонна тауық еті және 1 млн дана тауық жұмыртқасы сатып алынды. Қалған 128,9 млн теңгені жыл соңына дейін қосымша интервенциялар қажет болған жағдайда жұмсау жоспарлануда.

Сонымен қатар бұрын сатып алынған 2,3 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен 1 санаттағы 200 мыңға жуық жұмыртқа облыстың сауда нүктелеріне бөлінді. Жыл соңына дейін қолда бар 80 тонна жеміс-көкөніс өнімін интервенция жасау жоспарлануда.

Бұдан басқа, «Ұлытау» ӘКК» АҚ «Khan Ordasy» қонақ үй кешенін пайдалануға беру және шарттың құны мен жұмыс жүргізу мерзімін ұлғайтпастан, басқа қонақ үй объектісін салу жөніндегі жобалау-сметалық құжаттамаға қажетті өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылдады.

Аймақтағы жаңалықтар