Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі ішінара жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей Жәнібек Хандар көшесінің қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстардың жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 29-30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -