Мұнай және табиғи газ жөніндегі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің өтпелі ережелерін ұзарту
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 5 қарашадағы № 122 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) қолдануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің (ЕАЭО 046/2018 ТР) өтпелі ережелерінің қолдану мерзімі Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт күшіне енген күнге дейін, бірақ 2030 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей ұзартылды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 5 қарашадағы № 123 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) қолдануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 045/2017 ТР) өтпелі ережелерінің қолдану мерзімі 2027 жылғы 1 қантарына дейін ұзартылды.
Көрсетілген өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының тиісінші 2019 жылғы 19 наурыздағы № 39 және 2018 жылғы 6 наурыздағы № 36 шешімдеріне енгізілді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 5 қарашадағы № 122 және 2024 жылғы 5 қарашадағы № 123 шешімдерімен Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-u/01046275/err_08112024_122, https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01046278/err_08112024_123 сілтеме бойынша танысуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -