ІІМ тәлімгерлер кеңесі жартыжылдықты қорытындылады
Тәлімгерлер кеңесінің отырысы барлық облыстық полиция бөліністерінде өтті. Мұндай кеңестер Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша кадрлық әлеуетті арттыру жылы аясында құрылды.
Жиындарда алты айға қорытынды жасалды. Полиция департаменттерінде жиналған ардагерлер қызметтен кетсе де, ішкі істер органдарынан кетпеген. Бүгінде олардың ең белсенділері тәлімгерлер кеңесіне қосылып, жас сақшыларды дайындауға үлес қосып келеді.
– Ардагерлер полиция қызметкерлерімен кәсіби тәжірибесімен ғана емес, өмірлік тәжірибесімен де бөліседі. Жас офицерлердің алдында объективті және субъективті сипаттағы белгілі бір қиындықтар бар екенін түсінеміз. Тәлімгерлер кеңесі оларға барынша көмек көрсетуге арналған, – деп атап өтті ІІО ардагері Жанқараш Шабданов.
Ішкі істер органдарында 80 мыңнан астам зейнеткер бар. Олардың көп жылдық тәжірибесі жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуы мен бейімделуіне көмектеседі. Ардагерлердің әлеуеті – жастарды құқықтық тәрбиелеуде де жақсы көмек.
Биыл қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлерді еске алу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бұған тәлімгерлер кеңестері де үлес қосты. Олардың естелік іс-шараларға қатысуы идеологияны күшейтеді.
Отырыстар марапаттау рәсімімен аяқталды. Тәлімгерлерге белсенді жұмысы мен қолдауы үшін алғыс хаттар табысталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -