Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде кадрлық тағайындау: Астана қаласы, 08 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде кадрлық тағайындау

Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы болып Дәурен Бақытұлы Байқожаев тағайындалды.

Дәурен Бақытұлы Байқожаев 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2014 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Сертификатталған мемлекеттік аудитор.

Еңбек жолын 2012 жылы Маңғыстау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының маманы болып бастаған. Қаржы министрлігінің жүйесінде 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

2014-2017 жылдар аралығында Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен Қазынашылық комитеті басқармасында сарапшы, бас сарапшы, сондай-ақ мемлекеттік аудитор ретінде жұмыс істеді.

2019-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және Қазынашылық комитеті басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы және Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

Ақпарат көзі: Министерство финансов Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы болып Дәурен Бақытұлы Байқожаев тағайындалды.

Дәурен Бақытұлы Байқожаев 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2014 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Сертификатталған мемлекеттік аудитор.

Еңбек жолын 2012 жылы Маңғыстау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының маманы болып бастаған. Қаржы министрлігінің жүйесінде 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

2014-2017 жылдар аралығында Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен Қазынашылық комитеті басқармасында сарапшы, бас сарапшы, сондай-ақ мемлекеттік аудитор ретінде жұмыс істеді.

2019-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және Қазынашылық комитеті басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы және Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

Аймақтағы жаңалықтар