Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу
Бүгін Маңғыстау облысының Шетпе кентінде экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың халықпен кездесуі өтті, оның барысында ол жергілікті тұрғындарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді.
Осы ауылдың маңызды экологиялық проблемаларының бірі - жақын жерде орналасқан қиыршық тас өндіретін карьерлерден шаң шығыуы. Ал Маңғыстау ауданында барлығы 29 карьер бар, олардың тек 8-і ғана жұмыс істейді.
Жүргізілген бақылау-инспекциялық жұмыстар барысында экологиялық нормативтерді сақтамайтын 4 карьердің қызметі тоқтатылды, ал 9 жер қойнауын пайдаланушыға рұқсат етілген шығарындылардан асып кеткені үшін әкімшілік айыппұл салынды. 5 кәсіпорын жер қойнауын пайдалануға лицензиясын қайтарып алды.
Атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту үшін экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған, оның ішінде Шетпе кентіндегі 36 іс-шараны қамтитын Жол картасы әзірленіп, бекітілді.
Сондай-ақ, М.Ошурбаев азаматтарды жеке қабылдап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -