Медицина саласындағы студенттердің діни сауаттылық деңгейін көтеру
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» теологы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Н.Калиев «Аяжан» медициналық колледжі студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Шараға 50-ге жуық студент қатысты.
Кездесу барысында теріс діни ағымдардың қауіптілігі мен құқық сауатсыздық салдарынан орын алған бірқатар жайттары туралы толық мағлұмат беріліп, түсіндірілді.
Әлеуметтік желіде қаралған, бөліскен әрбір діни ақпаратқа мұқият қарап, заңға қайшы келетін әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Радикалды ағымдарға байланысты қауіп-қатерлер туралы хабардар ету, сондай-ақ осы бағытта білім деңгейлерін көтеру маңыздылығын атап өтті. Студенттер шара соңында өз ойларын жеткізіп, толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Материал Алматы қаласы бойынша Терроризмге қарсы
комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -