Медициналық колледжінің студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы
Діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында Маңғыстау облыстық медициналық колледжінің студенттерімен облыстық дін істері басқармасының тарапынан ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас мамандары А.Асылбекұлы және Ж.Ақан өткізілген кездесуде қатысушыларға діни сауатсыздықтан келетін қауіптерге тоқталып, алдын алу жолдары туралы ақпаратпен қоса медиа әлеуметтік саладағы сауатсыздық жөнінде атап өтті.
Сондай-ақ, шара ұйымдастырушылары студенттерге жеткізілген мәліметтің дұрыс қабылдануын тексеру үшін сұрақтар қойып, сәтті жауап берген жандарға кітаптарды табыстады.
Шара соңында аталмыш колледж студенттері мен оқытушылары өздерінің ойлары мен сұрақтарын ортаға салып, қажетті мағлұмат алып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Материал Маңғыстыу облысының ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -