Мемлекет басшысы жылқылардың отандық тұқымын сақтау туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды.
Заң мініс және мініс-жегін бағытындағы жылқылардың отандық тұқымын дамытуға, сондай-ақ оның қасиеттерін сақтай отырып, мал басын көбейтуге және осы бағытта асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге бағытталған.
Атап айтқанда, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңдарға түзетулер енгізіледі. Асыл тұқымдық орталықтардың шетелдік селекцияның спорттық бағытындағы асыл тұқымды айғырларын сатып алуы, асыл тұқымды аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу және оларды күтіп-бағу жөніндегі шығындарды өтеу көзделеді.
Сондай-ақ Заңмен «асыл тұқымды мал» және «тұқым стандарты» сияқты ұғымдарға түзетулер енгізіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -