Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне дипломдар табысталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.
Биыл
докторантура және магистратура білім бағдарлам
алары бойынша 124 түлек диплом иегері аталып отыр
.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
төрағасы Дархан Жазықбай түлектерді құттықтап, алдағы ел игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
«
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет саласында
Әділетті Қазақстан
қағидаттарына сай келетін жүйелі реформалар жүзеге асырылуда
.
Ашықтық, әділдік және меритократия қағидаттары негізінде мемлекеттік қызметке қабілетті әрі білікті азаматтарды, дарынды жастарды тартуға кеңінен жол ашылуда.
Мемлекеттік басқару академиясын үздік аяқтаған түлектердің өңірлік деңгейде конкурссыз негізде басшылық лауазымдарға тағайындала алу мүмкіндігі де осының дәлелі.
Академиядан түлеп ұшқан магистранттар мен докторанттар мемлекеттік қызметшілер буынының нағыз көшбасшылары болуға тиіс. Алған кәсіби құзыреттіліктеріңіз мемлекетіміздің кешенді стратегиялық міндеттерін шешуде,
басқарудың сервистік моделіне көшуде
шешуші рөл атқарады деп сенемін»,
- деді
МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай.
Шара соңында ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері альянсының ресми ашыл
у
салтанаты өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -