«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Қаулы жобасының мақсаты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қағидаларын бекіту болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Қаулы жобасы 2024 жылғы 16 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15138533) орналастырылды.
Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 30 шілдеге дейін.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -