Мемлекеттік қызмет алушының құқығы қорғалды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде мониторинг жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган тарапынан қызмет алушыларға ақылы негізде ұсынылатын жер телімдерін беруден бас тарту фактілерін анықтады.
Бұл фактілер аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің алу тәртібі бойынша азаматтарға дұрыс түсіндірме берілмеу себебінен туындағаны белгілі болды.
Департаментпен енгізілген ұсыныстар негізінде 28 кәсіпкер артық кедергісіз жер телімдерін алу бойынша жер комиссиясының оң қорытындысын алып, олардың құқықтары қалпына келтірілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -