«МЕНІҢ ЕЛІМ» жастар патриоттық фестивалі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу аясында, «МЕНІҢ ЕЛІМ»жастар патриоттық фестивалі өтті.
Фестивальде Қазақстан Республикасының Әнұраны көпшілікпен орындалды. Фестиваль Tik Tok байқауынан басталып,«Менің Қазақстаным» Караоке сайысы және «Qazaq party» би сайысымен жалғасын тапты.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Бүгінгі фестивальге қатысқан барша қауымға алғыс білдіреміз. Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -