«MODERN TRADING SOLUTIONS» ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨРЕСКЕЛ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ: Астана қаласы, 17 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«MODERN TRADING SOLUTIONS» ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨРЕСКЕЛ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қаржы мониторингі органдарымен бірлесіп, 2024 жылғы 11 мен 17 шілде аралығында кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде «Modern Trading Solutions» Тауар биржасы» АҚ-на Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының талаптарын сақтауына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Агенттік тауар биржасының (ТБЭСЖ) электрондық сауда жүйесінің заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілерін анықтады, атап айтқанда, «Ұлттық Қазақстандық Клирингтік Орталық» ЖШС клирингтік орталығы «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функциялар шеңберінен шығып, тауар биржасы мүшелерінің ТБЭСЖ-дегі шоттарын дербес бұғаттады.

Белгіленген талаптарға сәйкес, тауар биржасы мүшесінің ТБЭСЖ-да шотын бұғаттауды тікелей тауар биржасы жүзеге асырады және тауар биржасы мүшесінің аккредитациясы тоқтатылған жағдайда ғана шоты бұғатталады, алайда тауар биржасы өтініш берушілерге қатысты мұндай шешім қабылдаған жоқ.

Осылайша, «Modern Trading Solutions» Тауар биржасы» АҚ қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, өзінің клирингтік орталығына ТБЭСЖ кіру мүмкіндігін берді, бұл «Ұлттық Қазақстандық Клирингтік Орталық» ЖШС клирингтік орталығының ТБЭСЖ -дегі тауар биржасы мүшелерінің шоттарын бұғаттауға, оның ішінде тауар биржасы мүшелерінің клирингтік орталыққа қарыздардың болуына байланысты тауар биржасында сауда-саттыққа рұқсат бермеуге мүмкіндік тудырады.

Осыған орай, «Modern Trading Solutions» Тауар биржасы» АҚ-ға анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салумен және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрумен немесе онсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Ақпарат көзі: Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қаржы мониторингі органдарымен бірлесіп, 2024 жылғы 11 мен 17 шілде аралығында кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде «Modern Trading Solutions» Тауар биржасы» АҚ-на Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының талаптарын сақтауына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Агенттік тауар биржасының (ТБЭСЖ) электрондық сауда жүйесінің заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілерін анықтады, атап айтқанда, «Ұлттық Қазақстандық Клирингтік Орталық» ЖШС клирингтік орталығы «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функциялар шеңберінен шығып, тауар биржасы мүшелерінің ТБЭСЖ-дегі шоттарын дербес бұғаттады.

Белгіленген талаптарға сәйкес, тауар биржасы мүшесінің ТБЭСЖ-да шотын бұғаттауды тікелей тауар биржасы жүзеге асырады және тауар биржасы мүшесінің аккредитациясы тоқтатылған жағдайда ғана шоты бұғатталады, алайда тауар биржасы өтініш берушілерге қатысты мұндай шешім қабылдаған жоқ.

Осылайша, «Modern Trading Solutions» Тауар биржасы» АҚ қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, өзінің клирингтік орталығына ТБЭСЖ кіру мүмкіндігін берді, бұл «Ұлттық Қазақстандық Клирингтік Орталық» ЖШС клирингтік орталығының ТБЭСЖ -дегі тауар биржасы мүшелерінің шоттарын бұғаттауға, оның ішінде тауар биржасы мүшелерінің клирингтік орталыққа қарыздардың болуына байланысты тауар биржасында сауда-саттыққа рұқсат бермеуге мүмкіндік тудырады.

Осыған орай, «Modern Trading Solutions» Тауар биржасы» АҚ-ға анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салумен және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрумен немесе онсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Аймақтағы жаңалықтар