Нағыз батырлар Алматының тазалығын қолдайды: Алматы қаласы, 02 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Нағыз батырлар Алматының тазалығын қолдайды

Алматыда «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығының алдындағы серуендеу алаңында тазалау жұмыстары кезінде аула сыпырушыларға Халк, Өрмекші адам, Бэтмен және Супермен келіп көмектесті. Олар көшені тазалауға атсалысып, қала тұрғындарын Алматыны таза ұстауға шақырды.

Әдетте әлемді құтқарумен айналысатын суперқаһармандар қолдарына сыпырғыш алып, көшені тазалауды ар көрмеді. Мысалы, Өрмекші адам өтіп бара жатқан тұрғындарға атсалысып, тротуарды тазалауды ұсынды.

«Мен тұрғындарға жақындап, тазалауға көмектесуді ұсындым. Біреулер сыпырғыш алудан бас тартты, ал басқалары қуана-қуана келісті. Бір қызылордалық азамат Алматыда өте таза екенін және мұнда жиі сенбілік өтетінін айтты. Сонымен қатар, мен балаларды сыпыруға үйреттім, олар бұл істі қуанышпен орындады. Егор есімді бала Алматыда тазалықтың себебі – мұнда көп тазалаушылар бар екенін айтты», – деді Өрмекші адам.

Бэтмен мен Супермен қоқыс арбасын машинаға дейін жеткізуге көмектесті. Ал Халк жолда тұрып қалған жүк көлігін «итермелеп» шығарды.

«Көшелерді тазалауға достарыммен бірге көмектескенім өте ұнады. Бұл мен үшін әлемді қорғаумен салыстыруға болатын жаңа тәжірибе. Аула сыпырушылардың еңбегін жоғары бағалаймын – олардың жұмысы өте қиын, мен ондайды істей алмайтын едім. Біздің адамдар өте мейірімді және қаланы таза ұстауға әрдайым көмектеседі», – деді Супермен.

Тазалаушылар бастапқыда суперқаһармандардың пайда болуын қалжың деп ойлаған.

«Алматы қаласында сенбілік өтіп жатты. Біз «Атакент» маңын тазалап жатқанда суперқаһармандар келіп, біздің сыпырғыштарымызды алып көмектесті, ал бізге ыстық шәй берді. Еңбегіміздің бағаланғаны және осындай іс-шаралар ұйымдастырылғанына өте қуаныштымыз. Қаланы таза ұстайық. Қала тұрғындарынан қоқысты қоқыс жәшігіне тастауын сұраймыз, бұл бізге жұмысты жеңілдетер еді. Осындай керемет акцияны ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», – деді тазалаушы Татей Қыстаубаева.

Бұл акцияны жақын маңдағы кафе мен дүкендердің қызметкерлері де байқады, көпшілігі сыртқа шығып, суперқаһармандармен суретке түсті.

«Мен Алматы тұрғынымын, көшеде тазалық жүргізіп жатқан суперқаһармандарды көрдім. Қаланың тазалығын қадағалап отырған әкімдікке алғыс айтқым келеді. Алматы жыл сайын таза әрі көркем қалаға айналып келеді. Аула сыпырушылардың еңбегін жеңілдететін тазалау техникасының жаңарып жатқанын байқаймын. Күн сайын қаланы тазалаушылар жасағы тазалайды – бұл керемет жұмыс», – деді сауда орталығының қауіпсіздік қызметінің басшысы Қанат Дүйсенбиев.

Экологиялық акцияны ұйымдастырушылар тұрғындар мен қала қонақтарының тазалық сақтау мәселесіне назарын аудартқысы келетінін айтты. Мұндай іс-шаралар қоғамның табиғат алдындағы жауапкершілігін нығайтып, Алматыны баршаға жайлы қала етуге көмектеседі.

Еске сала кетейік, Тазалық апталығы аясында қалалық коммуналдық қызметтер Алматыны қысқа және қардың жаууына дайындау жұмыстарын аяқтады. Қысқы маусымда қалаға қызмет көрсету үшін 841 арнайы техника бірлігі және 1 400 жұмысшы жұмылдырылады. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының автопаркі 32 заманауи техникамен толықты. Санитарлық тазалық 2 318 көшені, жалпы ауданы 25,1 млн шаршы метрді және ұзындығы 2 777 км болатын жолдарды қамтиды. Көше-жол желісін тазарту жұмыстарына 10 мердігер ұйым жауапты.

Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима города Алматы»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар