NU TIMES HIGHER EDUCATION РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ №1 ЖАС ЖОО АТАНДЫ
NU Times Higher Education нұсқасы бойынша жас университеттердің әлемдік рейтингінде 106-орынды иеленді.
NU Times Higher Education (THE) 2024 нұсқасы бойынша жас университеттердің әлемдік рейтингінде 106-орынды иеленіп, Қазақстандағы №1 ЖОО атанды. Рейтинг университтердің білім беру, зерттеулер жүргізу сапасын, халықаралық деңгейдегі әлеуетін, 50 жыл немесе одан ерте құрылған әлемдегі ең мықты университеттермен байланысын бағалайды. Тізімге беделді рейтинг агенттігінің критерийлеріне сай келген 673 жас зерттеу ЖОО-сы кірді.
THE сарапшыларының бағалауы бойынша, жарты ғасырлық тарихы бар жас зерттеу университеттері мектеп пен колледж түлектерінің ерекше назарына лайық. Егер олар Оксфорд немесе Гарвард сияқты оқу орындарынан төмен тұрса, оған тек жас ерекшеліктері ғана кінәлі. Сондай-ақ THE-нің жас университеттер рейтингі олардың миссиясы инновациялық идеялар мен білімді таратуды екенін көрсетеді.
Сонымен қатар сарапшылар жоғары білім саласының көркеюі шығысқа қарай бет алып келе жатқанын атап өтті. Үздік ондық құрамына Еуропа мен Азияның зерттеу жұмыстарымен айналысатын ЖОО-лар кірді: орындар тең бөлініп, оларды Франция (4), Сингапур (1), Оңтүстік Корея (1), Гонконг (3) және Нидерланд (1) ЖОО-лары иеленді.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы қыркүйекте Times Higher Education әлемдік университеттердің жыл сайынғы рейтингін шығарды, оған NU алғаш рет кіріп, бірден Орталық Азия мен Кавказдың ЖОО-лары арасында көшбасшы атанды. NU 501-600 диапазонында орналасып, әлемдегі ең үздік зерттеу университеттерінің 30%-на кірді.
2024 жылғы наурыздағы деректерге сәйкес, NU ғылыми мақалаларының саны 8 444-тен асады – бұл 2011-2024 жылдар арасында жарияланған қазақстандық университеттердің барлық мақаласының (52 258) шамамен 1/6 бөлігі. Осы уақыт ішінде ЖОО Q1 деңгейіндегі Scopus журналдарында 3 690 мақала жариялады, бұл 2011 жылдан бастап қазақстандық ЖОО-лар Q1 журналдарында жариялаған барлық ғылыми мақаланың үштен бірі. Соңғы бес жылда NU мақалаларына жүгіну индексі (FWCI) 1,49-ды құрады. Бұл NU жарияланымдарына ғалымдардың бүкіл әлем бойынша орташа көрсеткіштен 49%-ға жиі жүгінетінін көрсетеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -