Nur.kz ақпараттық порталы «Халық дауысы» жобасын қорытындылады
Nur.kz ақпараттық порталының дәстүрлі «Халық дауысы» жобасының алтыншы маусымы қорытындыланып, «Жылдың үздік әкімі» номинациясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев басым дауысқа ие болды. Бұл туралы бүгін Nur.kz порталы жариялады.
Портал жобаның нәтижелеріне тоқтала отырып, Жетісу облысындағы экономиканың өткен жылғы негізгі көрсеткіштерінің өсімі мен өңірге инвестиция тарту жұмыстарын атап өтті.
Атап өтсек, порталдың мәліметіне қарағанда, қазақстандықтардың биліктегі тұлғаларға деген көзқарасын зерттеп, оларға деген сенім деңгейін анықтау үшін NUR.KZ осы жылы «Халық дауысы 6.0» жобасының жаңа маусымында «Жылдың үздік министрі», «Жылдың үздік әкімі», «Жылдың үздік мемлекет қайраткері» және «Жыл оқиғасы» сынды номинациялар ұсынылған болатын.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -