Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды
Облыс әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысындағы филиалында болды.
Қайта даярлау курсының тыңдаушылары және біліктілікті арттыру семинары қатысушыларымен кездесу барысында Асхат Шахаров оларға «Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?» деген тақырыпта дәріс оқыды. Дәрісте облыс әкімі өңірдің стратегиялық басымдықтарымен бөлісіп, негізгі даму бағдарламаларын жүзеге асырудағы заманауи мемлекеттік қызметшілердің рөлі туралы ойларымен бөлісті.
Өңір басшысы мемлекеттік қызмет жоғары кәсіби дайындықты, икемділік пен тез өзгеріске ұшырайтын жағдайларға бейімделуді талап ететінін атап өтті. Үздіксіз кәсіби даму, цифрлық дағдылар мен халықпен тиімді жұмыс істей білудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Ол сондай-ақ бастама көтеру, аналитикалық ойлау және ашықтық пен есеп беруге ұмтылу аса қажет екенін тілге тиек етті.
Облыс әкімі айтылған әрбір ой түсінікті болуы үшін мемлекеттік қызметшілермен бірнеше жағдаятты ойын түрінде талдады. Яғни, шенеунік халықпен кездесу кезінде өзін қалай ұстау керек, аудиториямен қалай дұрыс жұмыс істегені дұрыс, тұрғындардың сұрақтарына жауап беру, сайлаушылардың сенімі мен құрметін сақтай отырып даулы мәселелерді шешу жолдарын мысалдармен түсіндірді.
«Халықпен әрбір кездесу нәтижелі болуы керек. Жайдан-жай кездесудің қажеті жоқ. Дайын үлгілер және ресми көзқарастан алшақ болыңыздар. Адамдарды тыңдау, проблемаларын түсіну және олардың қажеттіліктеріне назар аудару маңызды. Өз қызметімде азаматтардың әл-ауқаты мен жағдайына байланысты мәселелерге әрқашан басымдық беремін», - деген облыс әкімі мемлекеттік қызметшінің жұмысындағы ең негізгі деген ұстанымдарды атап өтті.
Сондай-ақ Асхат Шахаров дағдарыс кезінде командалық жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
Дәріс соңында аймақ басшысы жоғары білікті мамандар даярлау ісіне қосқан үлесі үшін академия ұжымына алғысын білдіріп, жас мемлекеттік қызметшілер облыс пен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ, Асхат Шахаров академия филиалының оқу аудиторияларын аралап, басшылықпен облыстың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға және озық тәжірибеден хабардар болуға мүмкіндік беретін білім беру жобалары мен кәсіби оқу бағдарламаларын талқылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -