Облыс әкімі Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады: Ақтөбе облысы, 24 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Облыс әкімі Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

Өнер орталығында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараға облыс әкімі Асхат Шахаров бастаған зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, өнер адамдары, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Сахнаға алдымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы әкелініп, Әнұран шырқалды.

Бұдан кейін облыс әкімі жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Сіздерді ұлық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өздеріңізге белгілі, 1990 жылы 25 қазанда қабылданған декларацияда еліміздің егемендігі жарияланды. Мемлекетіміз үшін маңызы зор бұл тарихи құжатта Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері рәсімделді.

Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және өзге де ұлт өкілдерінің мәдениеті, дәстүрі, ұлттық болмысы қалыптасып, мемлекеттік қағидаттар бекітілді.

Біздің Республикамыз талай сәттерді басынан өткерді.  Қандай сынақта да еліміз бірлігінен айырылған жоқ. Ендеше ата-бабамыздан бізге мұра болып жеткен сол игіліктерді сақтап, келер ұрпаққа жеткізу — біздің парызымыз.

Мереке қарсаңында осы игілікті жолда әр өңірде еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында ақтөбеліктер де бар. Сондықтан жерлестерімізді осы мәртебелі марапаттарымен құттықтай отырып, баршаңызға амандық, дендеріңізге денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Мереке құтты болсын!», — деді Асхат Шахаров.

Шарада Тарлан колледжінің оқушылары мен «Аққу» би ансамблі көрермендерге «Бабалар жолымен — болашаққа» атты прологын ұсынды.

Кеш барысында  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншілері, Тарлан колледжінің оқушылары, қазақ камералық хор ұжымы, Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы әскери институтының курсанттарының «Домбырашылар» ансамблі, «Тамсан» және «СақТау» триолары өнер көрсетіп, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар шарада жас әнші, «Қазақстан дауысы 2021» жобасының финалисі Рахман Сатиев, республикалық конкурстардың лауреаттары — Ғазиза Əбдірова, Мəншүк Мұқанова, Ақбота Қоянбайқызы, Мейірбек Тәжіғұлов, Әкімжан Шәкіров, Аманжол Өтемұратов, Оразғали Сағитжанұлы, т.б. патриоттық әндер мен Шəмші əндерінен попурри орындады.

Шара әнші Оразғали Сағитжановтың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды. Өңір басшысы атынан сахна төріне ықылас гүлі тарту етілді.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар