Облыс әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Кездесу Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетте өтті. Оған өңір басшысы Асхат Шахаров, облыстық мәслихат
және облыстық қоғамдық
кеңес мүшелері, жергілікті жоғары оқу орындары, мәдениет, білім, денсаулық сақтау саласының өкілдері, ақындар, еңбек ардагерлері қатысты.
Босқосуға шақырылғандар қатарында М.Оспанов атындағы БҚМУ профессоры Алтай Тайжанов, ақын, жазушы, публицист Мейірхан Ақдәулетұлы, Т.Ахтанов атындағы драма театрының актерлері Мағзұм мен Шалқия Бақытжановтар, Мемлекет басшысының қолынан марапат алған «Өрлеу» оқу орталығының оқытушысы Наталья Пеннер және басқа да танымал тұлғалар бар.
Асхат Шахаров бірқатар өзекті мәселелер бойынша кездесуге қатысушылардың пікірлерін тыңдау үшін шараның ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.
«Бұл – жәй ғана кездесу емес, қоғамды толғандыратын өзекті тақырыптар туралы маңызды диалог алаңы.
Мемлекет басшысы
Ұлттық құрылтай отырысында
жалпыға ортақ құндылықтарды дамыту
жолында атқару қажет жұмыстарға, мақсаттарға тоқталып, күресу керек бес кеселді атады. Бұл – нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ысырапшылдық және вандализм.
Бүгінгі басқосуда әлеуметтік ахуалды саралауда, руханият пен мәденитті дамытуда, жастар тәрбиесінде пікірлеріңіз бен ұтымды ой-ұсыныстарыңыз өте маңызды.
Сіздерден маңызды пікірлер, жаңа бастамалар, тың идеялар күтемін»,
-
деді облыс әкімі зиялы қауым өкілдеріне.
Аймақ басшысы әр еңбек ардагерінің өңір дамуына, қоғам өміріне қосқан үлесін ерекше атап өтіп,
көпшілік
елге елеулі адамдардың еңбегі туралы біліп, олардан үлгі алу керектігін айтты.
Кездесу тақырыбын талқылау барысында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Мейірхан Ақдәулетұлы
тұрғындардың
оқуға деген қызығушылығын ояту қажеттігін алға тартты. Өйткені, оқу тек
сана-сезімді
ғана емес, моральдық құндылықтарды қалыптастырады. Алтай Тайжанов су тасқыны аймақтың барлық тұрғындарын қалай біріктіргенін еске салды.
Әсіресе,
ж
ергілікті тұрғындар
зардап шеккен
жерлестеріне
белсенді көмек көрсетті.
Ж
ас буын
өкілдері
облыстағы кез-келген ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруда белсенді: сенбіліктер, барлық акциялар, мәдени-ойын-сауық бағдарламалары, спорттық жарыстар.
«Біз
жастарға
маңызды мәселелерді, соның ішінде дін мәселелерін нақты және қолжетімді түсіндіруді қажет ететін қиын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Жастар еркін сұрақтар қойып, жауап ала алатын алаңдар құру керек. Белсенділер мен қоғам қайраткерлері
азаматтарды
осы тақырыптарды талқылауға тарту үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуы тиіс», - деді Алтай Тайжанов.
Мағзұм Бақытжанов
халықтың
өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру
қажеттігі туралы пікір білдірді.
Қатысушылар қаузаған ұсыныстардың ішінде құмар ойындар мен есірткінің зияны туралы ақпараттық науқанды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендерді қолдайтын дағдарыс орталықтарын ашу, сондай-ақ, жастарды мәдени және спорттық іс-шараларға тарту бар. Осы мәселелерді шешуде тұрақты нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігері маңызды.
Кездесуге шақырылғандар атап өткендей, зиялы қауыммен құрылған мұндай өзара іс-қимылдар сарапшылардың пікірлерін тыңдап қана қоймай, одан әрі ынтымақтастық орнатып, идеялармен алмасу үшін ортақ платформа құруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -