Облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды
Өңір басшысы Асхат Шахаров Бауырластар-3 және Жібек жолы тұрғын алаптарындағы жолдардың құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді.
Бауырластар-3 тұрғын алабында «Жайлы мектепке» кіреберіс жол салынуда. Елдімекен дамып келеді, қолайлы өмір сүру үшін барлық коммуникация үйлерге тартылған. Енді қалып тұрғаны – жолдарды ретке келтіру және халыққа ыңғайлы қоғамдық көліктерді іске қосу.
«Бизнес Строй Контракт» ЖШС мердігер ұйымы қалыңдығы алты сантиметр асфальттың бірінші қабатын төсеп жатыр. Бүгінде құм-қиыршық тас қоспасы және қиыршық тас жабынын төгу бойынша жұмыстар жүруде. Жобаға сәйкес, мердігер жол бойын жарықтандырып, тротуар салуы керек», - деді қала әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бисембин.
«Бауырластар-3 тұрғындары елдімекенге сыйымдылығы үлкен автобустар жіберуді сұрады. Қазір «ПАЗ» үлгісіндегі сегіз автобус маршрутта жүр. Жақында қалаға тағы 50 жаңа автобус келеді. Олардың бір бөлігін осы бағытқа шығару қажет», - деп тапсырды өңір басшысы Асхат Шахаров қала әкімі Азамат Бекетке.
Бауырластар-3 жолының құрылысын мердігер күзде аяқтауды жоспарлап отыр. Жалпы ұзындығы – 1,8 шақырым.
Әкім Жұмабек Тәшенов көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарын да қарап шықты. Мердігер мекеме ретінде танылған «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС жолдың жүру бөлігін кеңейте отырып, ұзындығы 1,3 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізуі тиіс. Ескі асфальт жабынын астыңғы қабатына дейін алып тастаған. Қазір мердігер асфальттың бірінші қабатын төсеуге дайындалып жатыр, оны бір аптада аяқтауға уәдесін берді.
Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде, автобустар айналма жолмен жүруде, бұл халыққа қолайсыздық тудырады. Өңір басшысы жұмыс барысын бағамдап, жеделдетуді тапсырды.
«Өзіңіз уәде етіп отырғандай, бір апта ішінде асфальттың төменгі қабатын салып, жолды пайдалануға беру керек. Оқу жылы басталды, адамдар мектепке, жұмысқа барады. Оларға жағдай жасалуы тиіс», - деп тапсырды әкім мердігер мекеме өкіліне.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -