Облыстық соттың судьялары әкімшілік істерді қараудағы сот практикасы мәселелерін талқылады
Облыстық сотта облыс әкімдігінің бастамасымен 2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қаралған әкімшілік істердің қалыптасқан сот практикасын талқылау бойынша кездесу өтті.
Іс-шараға облыстық сот, Абай облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.
Отырыста азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңды тұлғалардың мүдделерін әкімшілік сот төрелігі аясында мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерінен қорғауға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Талқылау барысында судьялар әкімшілік сот төрелігін нығайтуға бағытталған бірқатар заңнамалық түзетулер мен бастамаларды айтып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану жөнінде ауызша түсініктемелер берді. Кездесуде айтылған ұсынымдар жергілікті атқарушы органдардың одан әрі жұмысы мен шешімдер қабылдау процесінде ескеріледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -