Облыстық терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобында маңызды мәселелер талқыланды
Ағымдағы жылдың 7 қарашасында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеровтің төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Жұмыс тобының отырысы барысында терроризмге қарсы комиссияның жұмысын жетілдіру және терроризм мәселелерін алдын алу бойынша жүргізілген шаралар туралы облыстық терроризмге қарсы орталығы бөлімінің бастығының баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар, «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасынның» және «Дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының» орындалуы барысы туралы уәкілетті басқармалары баяндама жасап, оның нәтижелері қорытындаланып талқыланды.
Мүдделі мемлекеттік органдарға талдау жұмыстарын күшейту қажеттілігі аталып өтілді. Сондай-ақ, бір-қатар нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
Материал Жамбыл облысы бойынша Терроризмге
қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -