Ойыл ауданының 6 ауылында спорт залдар жабдықталды
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «Батыр боламын» жобасы аясында Ойыл ауданы бойынша 6 спорт залдың ашылу салтанаты өтті.«Батыр боламын» жобасының мақсаты - балалар үшін спортқа қолжетімділік деңгейі төмен, шалғай жатқан елдімекендерде арнайы құрал-жабдықтары бар спорт залдар ашу. Бұл жолы игі шара Ойыл кәсіптік колледжі, Көптоғай, Сарбие, Қараой, Саралжың, Ақшатау ауылдарында орналасқан спорт залдардың ашылуымен жалғасты. Ауылдағы спорт нысандарына қажетті құрал-жабдықтардың жалпы сомасы 60 млн теңгенің жобасын құрайды. Залдарда бокс, күрес, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және тағы басқаспорт түрлеріне қажетті бұйымдар бар.
«Біздің ауылымыз үшін үлкен мереке. «Батыр боламын» жобасы аясында ауылымызда спорт зал ашылып жатыр. Осындай кішкентай ауылдан еліміздің атын шығаратын чемпиондарды даярлауға мүмкіндіктер сыйлап жатқан жанашыр азаматтарға алғысымызды білдіреміз»,- деді Ақшатау орта мектебінің директоры Бекжан Қарасаев.Ауыл ақсақалдары жасөспірімдерге жасалып жатқан мүмкіндіктердің оңынан болуын тілеп, баталарын берді. Шара соңы ауыл жастарының тартысқа толы қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасын тапты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -