Ойыл ауданының алты ауылында 178 үй салынуда
Ауданда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлердің құрылысы белсенді жүргізілуде. Бүгін, облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ауданға барып, құрылыс барысымен танысты. Аудан орталығынан басқа мердігерлер Қаратал, Ақкемер, Кемер, Ақжар және Бестамақ ауылдарында жұмыс істеуде.
Көпке мәлім, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің орталығы – ең көп зардап шеккенауылдар қатарында. Аудан әкімдігінің құрылыс кезеңдері бойынша мәліметіне сәйкес, Қараталда 133 үйдің құрылысы басталды. Оның 129-ында іргетасы құйылып, 90 үйде қабырғалар тұрғызылған, ал 40 үйдің шатыры жабылған. 20-дан астам үйде ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. 15 үйге инженерлік желілер жүргізіліп, терезелер орнатылған.
Ойылда салынып жатқан 20 үйдің құрылысы қарқынды. Ақкемер елді мекенінде 16 үй, Ақжарда 5 үй, Кемер мен Бестамақта екі-екі үйден салынуда. Олардың көпшілігінде құрылысшылар үйлердің шатырын жауып, сылақ жұмыстарын және инженерлік желілерді жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Ойыл ауданының 129 отбасына қайталама нарықта дайын үйлер сатып алынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -