Омбудсмен кеңсесі мен АТФ Хатшылығы адам құқықтары саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің басшысы Салтанат Тұрсынбекова Азия-Тынық мұхиты форумы (АТФ) Хатшылығының бас кеңесшісі Пип Дарганмен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, БҰҰ Даму бағдарламасының Ыстамбұлдағы аймақтық өкілдігіндегі өкілдер мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Халықаралық ынтымақтастық және мигранттардың құқықтарын қорғау бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Салтанат Тұрсынбекова АТФ-пен өзара іс-қимылдың маңызды екендігін айтты. АТФ сарапшыларының ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстанда әлеуетті нығайту және адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қалпына келтіруге жәрдемдесу қызметін одан әрі жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті.
Өз кезегінде АТФ хатшылығының бас кеңесшісі Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау саласындағы оң үрдістерге тоқталып, адам және азаматтардың құқықтарын қорғау мен ілгерілету стратегиясын қалыптастыруда, БҰҰДБ-мен бірлесіп жұмыс жүргізуде Уәкіл кеңсесіне сараптамалық қолдау көрсетуді ұсынды.
Сонымен қатар, АТФ пен БҰҰДБ өкілдері сараптамалық қолдау, шетелдік тәжірибені және қолайлы қоршаған орта мен адамның құқықтарын қорғау бойынша ағымдағы өңірлік зерттеулердің нәтижелерін ұсыну арқылы заң үстемдігін нығайту саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді. Бұған заманауи цифрлық технологияларды пайдалануға байланысты құқықтар, сондай-ақ АҚҰО қызметкерлерінің әдістемелік қолдауы кіреді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты белсенді түрде жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -