Омбудсменнің СҚО бойынша өкілі муковисцидозбен ауыратын баланы арнайы тамақпен қамтамасыз етуге көмек көрсетті
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілінің атына облыс тұрғынынан «кистозный фиброз» (муковисцидоз) диагнозы қойылған баласын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және мамандандырылған тамақтандыруға көмек көрсету мәселесі бойынша өтініш түсті.
Уәкілдің өңірдегі өкілі өтінішті қарап, Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасына тиісті сауал жолдады, сондай-ақ басқарма басшылығымен, қызметкерлерімен, медицина және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысымен телефон арқылы сөйлесті.
Нәтижесінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мамандандырылған дәрілік зат – құрғақ тағамдық қоспаны ағымдағы жылдың соңына дейін, келесі жылға азық-түліктің 3 айлық қорымен қоса сатып алуға өтінім берді.
Сондай-ақ басқарма «СК-Фармация» ЖШС-не жергілікті бюджет есебінен қажетті дәрі-дәрмек сатып алуды растау туралы өтініш жолдады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -