Қонаев гарнизонында «БҰҰ бөлімшелерінің жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру» халықаралық курсы аяқталды
Теориялық және практикалық бөлімнен тұратын сабақ бағдарламасы бітімгерлік бөлімдеріне арналған.
Курстың негізгі мақсаты – БҰҰ бітімгерлік миссияларында бейбіт тұрғындарды қорғау. Оқу барысында командирлер мен штаб офицерлері минадан тазарту бөлімшелері жұмысының құқықтық және жедел негіздерін үйренді.
Курсқа қазақстандық бітімгерлерден бөлек Пәкістан Ислам Республикасы мен Қытай Халық Республикасының әскери қызметшілері қатысты.
Бағдарламаны меңгергеннен кейін қатысушылар емтихан тапсырып, халықаралық сертификаттарға ие болды. Алдағы уақытта минадан тазарту орталығы бітімгерлік контингентін минадан тазарту жеке құрамын даярлау сапасын арттыру үшін БҰҰ аккредиттелген курстар каталогын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -