Қорғаныс министрі Ақтөбе гарнизонында жұмыс сапарымен болды
Өңірде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов облыс орталығында орналасқан бірқатар әскери нысандар мен жоғары оқу орындарын аралады.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесуде аумақтық қорғаныс бригадасын жарақтандыру, әскери-оқытылған резервті қалыптастыру және дайындау, сондай-ақ «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу мәселелері талқыланды.
Мұғалжар ауданында генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери база құрылысының барысымен танысты. Мәртөк ауданында «Хлебодаровка» далалық аэродромының инфрақұрылымын зерделеді. Мұнда әскери ұшқыштар институты курсанттарының оқу-жаттығу ұшулары өтеді. Келер жылы әскери-патриоттық клубтардың, әскери колледждер мен мектептердің үздік командаларының қатысуымен іс-шара өткізу жоспарлануда.
Сапар қорытындысы бойынша ведомство басшысы әскери нысандар құрылысының мерзімі мен сапасына, әскери қалашықты абаттандыруға және «Айбын» жастар жинынына дайындық іс-шараларына байланысты бірқатар тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -