Қорғаныс министрі Ислам Сәтбаев пен Нариман Құрбановты «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапаттады
Қазақстанстандық спортшылар, Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының атқышы Ислам Сәтбаев пен гимнаст Нариман Құрбанов елімізге медальмен оралды.
Ислам Сәтбаев спортшы Александра Ле-мен жұптасып, аралас командалар арасындағы жарыста пневматикалық мылтықтан оқ атудан қола медаль жеңіп алып, еліміздің қоржынына Олимпиаданың алғашқы наградасын әкелген болатын.
Спортшы-нұсқаушы, Қарулы күштердің қызметкері Нариман Құрбанов Олимпиада ойындарында екінші орын алып, Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші медаль салды.
Армия спортшылары ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен ведомстволық медальдармен марапатталды. Награда Олимпиада қорытындысы бойынша спортшыларға құрмет көрсету кезінде табысталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -