Қорғаныс министрлері соғыс батырларының мемориалына гүл шоқтарын қойды
Алматыға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысушылар келді.
Олардың қатарында ҰҚШҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрліктерінің басшылары, Ұйымның Бас хатшысы және Біріккен штаб бастығы бар.
Дәстүр бойынша делегация басшылары 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақтағы мемориалға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының филиалына барғанда олар Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Бүгін Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы басталып, оның барысында тараптар ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлерін, оған қоса ҰҚШҰ-ның әскери құрамдас бөлігін дамыту мәселелерін талқылайтын болады.
ҰҚШҰ шеңберіндегі қорғаныс ведомстволарының қызметіне қатысты бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -