Орманды дала алқаптарында патрульдеу өткізілуде
ТЖМ табиғи өрттердің туындау қаупін болдырмау және азайту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп алдын алу іс-шараларының кешенің өткізеді.
Профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары болып табылады. Өйткені, адамның немқұрайлылығы мен жауапсыздығы көбінесе табиғи өрттердің пайда болуына себеп болады.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және оларды бұзудың жолын кесу мақсатында ТЖМ, полиция, орман инспекциясы және әкімдіктер қызметкерлерінен құралған мобильдік топтар орманды дала алқаптарында рейдтер мен патрульдер жүргізеді. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 4800-ден астам бірлескен рейд жүргізілді, бұл ретте өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін 1 580 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаппай демалу орындарында демалушылармен, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен жиындар, әңгімелер өткізіледі, онда ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт анықталған жағдайда әрекеттер туралы айтылады.
Бұдан басқа, жұмыскерлермен және басшылармен нұсқамалар жүргізумен, алғашқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын тексерумен және ұсынымдары бар жадынамаларды таратумен шаруа қожалықтарын аралау жалғасуда.
ТЖМ азаматтарды табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Шөпті жағуға, ормандарда, қалың бұталарда, егін жанында от жағуға тыйым салынады. Сөндірілмеген сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, шыны заттарды және өздігінен жанатын материалдарды тастамаңыздар.
Өрт белгілері анықталған жағдайларда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -