«Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы
«Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-тармағын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Бұйрық жобасының мақсаты Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін бекіту болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасы 2024 жылғы 18 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15142003) орналастырылды.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 1 тамызға дейін.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -