Ортсайлауком Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 25 сәуірде болған сайлаудың қорытындыларын белгіледі: Астана қаласы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ортсайлауком Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 25 сәуірде болған сайлаудың қорытындыларын белгіледі

Сайлау күні Ортсайлаукомның интернет-ресурсы арқылы таңдаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн-байқау сервисі жұмыс істеді. Осылайша, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді. Бұл процесс ҚР ОСК ақпараттық арналары арқылы жедел жарияланды.

Дауыс беруге Қызылорда облысы мәслихаттарының 152 депутатынан 147 депутат (96,71%) қатысты. Сайлау бюллетеніне Сенат депутаттығына 3 кандидат енгізілді.

А.ж. 26 сәуірде өткен Ортсайлаукомның отырысында

«Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 25 сәуірде болған сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы»

қаулы қабылданды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 12, 44 және 81-баптарына сәйкес Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:

- Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамовқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 116 дауысы берілді;

- Алмасбек Әбілқасымұлы Есмахановқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 17 дауысы берілді;

- Абайбек Талғатұлы Жүнісовке дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 12 дауысы берілді;

- «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны – 1;

- Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 1.

Осылайша, Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов 2020 жылы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне сайланды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 25 сәуірде болған сайлаудың қорытындылары туралы ҚР ОСК-ның ресми хабары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар