ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПРИРЕЧНОЕ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Приречное ауылында 26 бас ірі қара малдың өлімі фактісі бойынша жылжымалы инсинераторда өртеу әдісімен құлаған жануарларды кәдеге жарату бойынша шаралар жедел қабылданғанын хабарлаймыз.
Оқиға орнында дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Приречное ауылында карантин орнатылды.
Қазіргі уақытта ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта қоздырғыштың дифференциалды диагностикасы бойынша зерттеулер жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Ауылдағы эпизоотиялық жағдай ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тұрақты бақылауында.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -