Отан қорғаушылар балаларды қорғауда
Жаздың алғашқы күні еліміздің барлық әскери гарнизондары мен бөлімдерінде балалар мерекелік іс-шаралардың басты қонағы болды. Әскери қызметшілер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды да назардан тыс қалдырмады.
"Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов Атырау гарнизонының тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің, сонымен қатар әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызметтің өкілдерімен бірлесіп, сәбилер үйіне барды. Әскери қызметшілер балаларға жеміс себеттерін, балалар тамағы мен киім-кешек әкелді.
Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жеке құрамы мен курсанттары Ақтөбе қаласындағы "Үміт" балалар үйінде болып, аумақты көгалдандырып, тазалауға көмектесті. Сондай-ақ балаларға пикник ұйымдастырып, оларға тәттілер сыйлады.
Қызметі оңайға соқпайтын әскери қызмет әскери адамдар үшін отбасы мен балаларға жеткілікті уақыт бөлуге мүмкіндік бермейді. Осындай сәтте Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің өкілдері және әскери бөлімдердің тиісті қызметтері баға жетпес көмек пен қолдау көрсетіп келеді.
Алматы өңірлік гарнизонында орналасқан 906 өлшеу техникасы базасы әскери қызметшілерінің балалары үшін де мереке көңілді ойындармен және тәттілермен есте қалды. Әсіресе балаларға асфальтта сурет салу байқауына және отбасылық спорттық эстафетаға қатысу ұнады.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында кішкентай қонақтар ертегі кейіпкерлері мен интерактивті ойындары бар ойын-сауық бағдарламасына қуана қатысты. Іс-шараның маңызды бөлігінің бірі әскери қызметтегі ата-аналарының күнделікті жұмысымен таныстыру болды. Айтулы шараның қызықты сәтінің бірі викторина десе болады. Онда балалар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Мереке соңында әрбір бала сыйлық ретінде кітап, тәттілер және цирк қойылымына билет алды.
Аниматорлармен интерактивті бағдарлама мен түрлі сайыстар барысында балалар өлең оқу, сурет салу және хореография өнерінде өз таланттарын көрсете алған түрлі байқауларды "Батыс" ӨңҚ әскери бөлімдерінің қолбасшылығы ұйымдастырды.
Балалар үшін білім беру ісінің құрметті қызметкері Алтын Жұматинаның жетекшілігімен Н. Жантөрин атындағы филармонияның "Дарын" ұлдар хоры мен Әйгерім Ходжаеваның жетекшілігімен "Жібек жолы" өнер орталығының қыздар би тобы мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -