Отбасы – бұл адамда болуы мүмкін ең қымбат нәрсе
Жамбыл облысы ТЖД-нің аға тергеушісі, азаматтық қорғау капитаны Алиасқар Айтжанов Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының түлегі. Ол «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім алып, әскери іс және қауіпсіздік саласында біліктілікке ие болды. Азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарады. 2022 жылы отбасын құрды. Жұбайы ретінде Жамбыл политехникалық колледжінің студенті болған керемет Айханым қызды таңдады. 2023 жылдың мамыр айында олардың тамаша қызы Айбике дүниеге келді.
Алиасқар үшін өмірлік құндылықтардың басты басымдығы – отбасы. «Отбасы – бұл адамда болуы мүмкін ең басты нәрсе, ал отбасылық бақыттың кепілі – бұл сыйластық, мейірімділік, түсіністік, ашықтық және қайырымдылық», – деп есептейді Алиасқар. Дәл осындай қасиеттерге ие Алиасқар Айтжанов өскен отбасы. Оның ата-анасы үлгі тұтар тұлға болды. Алиасқардың тұлға ретінде қалыптасу жолында жақындары әрдайым жанында болып, қолдау көрсетіп, кеңес беріп отырды. Енді ол күйеу, әке ретінде отбасын қорғауға, қызына жақсы үлгі болуға тырысады.
Азаматтық қорғау капитаны Алиасқар Айтжанов әкесінің ісін жалғастырып, азаматтық қорғау органдарында әпкелерімен бірге қызмет етіп жүргеніне мақтанады. Алиасқардың әкесі Нұхматулла Алашбаев бұл салаға 25 жылдан астам уақытын арнап, өз ісіне адал әрі жауапты адам ретінде танылған. Ол лайықты құрметке ие болып, болашақ ұрпаққа үлгі болар тұлға.
Алиасқар бала күнінен әкесінің өз ісіне адал берілгенін көріп өсті. Әкесінің адамдардың өмірі мен мүлкін құтқару жолындағы ерліктері туралы әңгімелерін сүйіп тыңдайтын. Сол себепті Алиасқар болашақта кім болатынын тіпті ойланған да жоқ.
Әкесінің жолын Алиасқардың екі әпкесі де жалғастырды. Олардың үлкені Жамбыл облысы ТЖД азаматтық қорғау органдарында қызмет етсе, екіншісі жұбайымен бірге Астана қаласының азаматтық қорғау гарнизонында қызмет етеді. Бұл тату отбасының әкесі, өртке қарсы қызметтің подполковнигі, өз үлгісімен кәсібіне деген сүйіспеншілікті дарытты.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -