ОТБАСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні қарсаңында, республика бойынша профилактикалық іс-шаралар апталығын бастады. Басты мақсат – ұлт болашағының мықты іргетасы ретінде отбасы денсаулығын нығайту.
Ана мен бала денсаулығын қорғау Департаменті хабарлағандай, басты назар репродуктивті денсаулық, жүкті әйелдерді қолдау, жаңа туған нәрестелерді патронажға алу, вакцинация және аурулардың алдын алу жұмыстарына салынатын болады.
Іс-шаралар аясында тұрғындар еліміздегі 60 медициналық ұйымға барып, мамандардан кеңес ала алады. Олар - емханалар, балалар ауруханалары, перинаталдық және консультативтік-диагностикалық орталықтар.
Репродуктивті жастағы әйелдерге отбасын жоспарлау туралы, сондай-ақ жатыр мойны, сүт безі қатерлі ісігінің және адам папилломасы вирусының (АПВ) алдын алу бойынша кеңестер беріледі.
Ал жастардың денсаулық орталықтары мен балалар ауруханаларында дәрігерлер жасөспірімдерге заманауи контрацептивтер, ВИА (ВИЧ) профилактикасы, жыныстық жолмен берілетін аурулар, жатыр мойны қатерлі ісігі туралы кеңестер береді. Сонымен қатар, тіс ауруларының алдын алу мақсатында мамандар Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы мектептерде орналасқан стоматологиялық кабинеттерде оқушыларды қабылдайды.
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды тек өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап қоймай, отбасының ғана емес, бүкіл ұлттың саулығын сақтауға үлес қосуға шақырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -