Пайдалы ақпарат аздық етпейді
Ағымдағы жылдың 30 қазаны Діни экстремизмнің алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде СҚО ДІБ Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері мен пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар мен азаматшаларға профилактикалық іс-шара өткізді.
Аталған жиында эксперт-аналитик А.Галиаскаров Діни бірлестіктер заңнамасын толықтай түсіндіріп, әлеуметтік желілер мен күдікті адамдардан діни ақпараттарды алмауға және таратуға болмайтынын айтты.
Өз кезегінде жоғарыда аталған орталықтың теолог маманы Ә.Зулфукаров радикалды діни ағымның белгілері мен олардың қоғамға тигізіп жатқан зиянын айырықша атап өтті. Жат ағым өкілдерінің сырт келбетімен сөйлеу мәнерлерін жіпке тізіп айтып берді.
Сондай-ақ, жат ағымның құрбаны болған бірқатар адамдардың тағдыры туралы және олардың жіберген қателіктері жөнінде пробация қызметкерлеріне баяндалды.
Іс-шара соңында барлық қойылған сұрақтарға толық және түсінікті жауаптар алынды.
Материал СҚО ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -