Париж Паралимпиадасында ел намысын қорғайтын астаналық спортшылар туралы не белгілі?
Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» КММ басшысы Азамат Тағаев Парижге аттанатын елордалық паралимпиадашылар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Спикер өз сөзінде әрбір спортшыға қысқаша жекелей тоқталып өтті. Паралимпиадаға аттанатын спортшылар:
Севда Алиева – тірек-қимыл аппараты зақымдалған арбадағы спортшы. Жасы 31-де. Пара оқ атудан спорт шебері. Севда, Пара ойындарын алғашқы болып 31 тамызда бастайды. Жеке бапкері – Михаил Бурчалин.
Сиязбек Дәлиев – жасы 33-те. Пара жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, Сиязбек тәжірибесі мол спортшы. Екі қашықтықта жарысқа шығады: 50 метрге шалқамен жүзу, 50 метр баттерфляй. 3 және 6 қыркүйекте сайысқа түседі. Әлемдік рейтингте үздік 10-қа енген. Жеке бапкері – Станислав Редко.
Ақмарал Науатбек – жасы 24 те. Пара дзюдодан еңбек сіңірген спорт шебері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы. J2 санаты бойынша 48 келі салмақ дәрежесінде 5 қыркүйекте өнер көрсетеді. Әлемдік рейтингте көшбасшы. Жеке бапкері – Айдын Әнәпин.
Ерғали Шәмей – жасы 38 де, алты баланың әкесі, Пара дзюдодан еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы. J1 санаты бойынша 73 келі салмақта 6 қыркүйекте сайысқа түседі. Әлемдік рейтингте үздік үштікте. Жеке бапкері – Дәурен Оразов.
Бауыржан Арыстанбеков – жасы 36-да, 7 баланың әкесі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының жүлдегері. J1 санаты бойынша 90 келі салмақта 7 қыркүйек күні жарысқа шығады. Әлемдік рейтингте 6-орында. Жеке бапкері – Дәурен Оразов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -