Павлодар облысында мемлекеттік қызмет алушының құқығы қорғалды
МҚІА Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті қызмет алушының өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесімен ветеринариялық анықтама беруден негізсіз бас тарту және қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілерін анықтады.
Тексеру қорытындысы бойынша Департамент тарапынан енгізілген ұйғарымға сәйкес қызмет берушіге әкімшілік айыппұл салынып, қызмет алушы – шаруа қожалығының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Сондай-ақ Департамент ұсыныс бойынша аталған бұзушылықтар үшін 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -