Павлодар облысында шомылу маусымы бойынша профилактикалық жұмыс
Павлодар облысының аумағында барлығы 47 жағажай бар, оның ішінде 27 коммуналдық және 20 жеке жағажай бар. Бүгінгі күні су айдындарының түбін зерттеуге және құтқарушы-жасақтарды оқытуға 13 өтінім келіп түсті. Барлығы 11 жағажай зерттеліп, 34 құтқарушы оқытылды.
Жазғы кезеңінде «Ertis Рromenade» сахнасында «Бақытты балалық шақ» қауіпсіздік мектебі қайта жанданды, жаз бойы орталық жағалаудағы балалар мен ересектер апта сайын судағы қауіпсіздік ережелерін, жүзу және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді үйренеді.
Павлодар облысының аумағында бүгінгі таңда 122 каркасты-модульдік бассейн бар. Жыл басынан бері барлығы 5 мыңнан астам оқушы жүзуге үйретілді. 177 тыйым салынған орынның 43-і ыңғайлы және халықты көбірек ақпараттандыру үшін 2 ГАЖ мобильді қосымшасында көрсетілген.
Бүгінгі күні департамент мүдделі органдармен бірлесіп су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізеді,рейд барысында азаматтармен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірме әңгімелер өткізіледі, тақырыптық жадынамалар тапсырылады. Бұдан басқа, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері анықталған кезде бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады және әкімшілік айыппұл салынады. Барлығы 9 әкімшілік хаттама жасалды.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -