Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында қайталама қылмыстың алдын алу мәселелері туралы
Қазіргі замандағы қоғамда қайталама қылмыстылық мәселесі аса өзекті болуда.
Пробация қызметінің есебіне алынған тұлғалардың арасында қайталама құқық бұзушылықтарды алдын алу үшін уәкілетті мемлекеттік органдар атынан пробация қызметі, жергілікті атқарушы органдар және олардың бөлімшелері тарапынан жеке қолдау, ресурстар, білім, психологиялық оңалтуға қол жетімділік, дәйекті бақылауды қамтитын кешенді және көп деңгейлі тәсілдерді талап етеді.
Бұрынғы сотталғанның қылмыстық әрекетке қайта оралу шешіміне әсер етуі мүмкін ең маңызды сәттердің бірі - бостандыққа шыққаннан кейін қолдау мен ресурстардың жетіспеушілігі. Қайта әлеуметтену процесі тұрғын үй, жұмыс және денсаулық сақтауға қолжетімділікті қамтуы қажет. Әлеуметтік қызметкерлер мен тәлімгерлердің қолдауы бұрынғы сотталғанның бостандықтағы өмірге бейімделуіне де айтарлықтай көмектеседі.
Түрмеде оқу және босатылғаннан кейін қосымша білім алу мүмкіндігі бұрынғы сотталғандарға жаңа дағдылар мен еңбек нарығында мүмкіншіліктер алуға көмектеседі. 200-ден астам пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар жаңа білім алды.
Білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету сотталғандарға жаңа білім мен дағдыларды алуға көмектесіп, олардың қоғамға сәтті оралу мүмкіндігін арттырады. Аталған бағдарламалар сауаттылық негіздерін оқыту, орта немесе кәсіптік білім алу және біліктілікті арттыру курстарына қатысуды қамтуы мүмкін.
Сотталғандардың оңалу және ықпалдасу ыждағатына қолдау көрсететін орта құру маңызды. Бұл бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, әлеуметтік байланыстарды қолдау және өзін-өзі көрсету мен дамыту үшін қауіпсіз кеңістік құруды қамтуы мүмкін.
Мұндай тәсілдерді енгізу қайталама қылмыс деңгейін айтарлықтай төмендетеді және бұрынғы сотталғандардың қоғамға сәтті оралуына көмектеседі.
Прокуратура органдары қылмыстың қайталануының алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
Негізгі аспектілер келесідей:
- жазалар мен оңалту шаралары заң мен нормаларға сәйкес жүзеге асыру, ал сотталғандар өз құқықтарын пайдаланып, заңсыз әрекеттерге ұшырамауы үшін тексеру және талдау жүргізу арқылы қадағалауды жүзеге асыру;
- пробация мәселелері бойынша сот отырыстарына қатысу, пробация шарттарын бұзған кезде айыптаушы ретінде пікір білдіру және сотқа жазалау немесе оңалту шараларын тағайындауға қатысты қорытындылар мен ұсынымдар беру;
- проблемалық облыстарды, пробция есебінде тұрған тұлғалар арасында қайталама қылмыстырдың себептарын анықтау мақсатында, пробация желісі бойынша шаралар тиiмдiлiгiне мониторинг және талдау жүргізу;
- қылмыстың қайталануының алдын алу бойынша кешенді бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру мақсатында, басқа органдармен, оның ішінде құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау.
Бас прокуратураның бастамасымен құрылған (прокурорлар, әкімдік, пробация қызметкерлер, балаларды қорғау органдары, психологтар, сот орындаушылары және учаскелік инспекторлардың қатысуымен) жұмыс топтары өздерін оң жағынан көрсетті.
8 ай ішінде мобильді топтармен тұрғылықты жері бойынша 41 мыңнан астам есепте тұрған тұлғалар тексерілді, тәуекел тобына жататындарға ерекше назар аударылды.
Мүдделі органдардың (прокуратура, пробация қызметі, жергілікті атқарушы органдар және т.б.) үйлестіру қызметінің нәтижесінде 3 мыңнан астам сотталған жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар, 6 мың заң бұзушылық анықталып, 6,8 мың ескерту жарияланды, 2 мың тәртіп бұзушыға жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, 1,4 мыңнан астамы орташа және төмен тәуекел тобынан жоғары тәуекел тобына ауыстырылды, 13 адамға қатысты ата-ана құқығынан айыру мәселесі көтеріліп, 7 адамға қатысты тиісті шешімдер қабылданды.
Талап-арызды өтеуден жалтарған 151 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 99-ы қамауға алынды.
Аталған бағыттағы жұмыстар сотталғандардың әлеуметтенуіне және қоғамдық қауіпсіздік жағдайына оң әсерін тигізді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -