ПЖКР мүшесі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде департамент директорының орынбасары лауазымына тағайындалды
Ерасыл Бақытжанов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Заң департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол Сүлеймен Демирел атындағы университет және Лондондағы Мария патшайым университетінің түлегі. 2023 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында инвестицияларды тарту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -