Qazdatathon-2024 байқауының жеңімпаздары белгілі болды
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы El Umiti корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырған Qazdatathon байқауының финалы өтті.
Биылғы жылы командаларға еңбек және халықты жұмыспен қамту нарығы бойынша синтетикалық деректер жинақтары ұсынылды. Ол арқылы қатысушылар белгілі бір әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлер мен теңгерімсіздіктерді шешуге арналған зерттеулер жүргізіп, жобалар әзірлеуі тиіс болды.
Финалға жоғары оқу орындары мен түрлі ұйымдардан 7 команда жетті. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының командасына елдегі еңбекақы құрылымы тақырыбындағы зерттеу үшін берілді. ІІ орынды Astana IT University студенттері еңбек нарығының артылуын болдырмау мақсатында негізгі мамандықтардың табыстылығын талдау және болжау жобасы үшін иеленді.
Ал І орынды Maqsut Narikbayev University командасы «Бейресми еңбек нарығы: бэби-бум ұрпағы» тақырыбындағы жобамен жеңіп алды.
Іс-шара қорытындысы бойынша, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды, жүлделі орын иегерлеріне ақшалай сыйлықтар, Қазақстан әлеуметтанушылары мектебінде оқуға гранттар және Ұлттық статистика бюросында тағылымдамадан өту мүмкіндігі табыс етілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -