ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Екібастұз қаласының жұртшылығымен кездесті: Астана қаласы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Екібастұз қаласының жұртшылығымен кездесті

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Екібастұз қаласының жұртшылығымен кездесті

Омбудсмен Артур Ластаев Екібастұздағы әлеуметтік мекемелерді аралады

29-30 сәуір күндері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. 30 сәуірде Омбудсмен Екібастұз қаласында болып, қалалық мәслихат депутаттарымен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесті.

Қала активімен кездесу барысында Артур Ластаев жиналғандарды тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі арнайы баяндамамен қысқаша таныстырды. Ол отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардағы проблемалардың өзектілігі айтарлықтай артып, қоғамның кең наразылығын тудырып жатқанын атап өтті. Бұл проблемалардың негізінде әлеуметтік-экономикалық және мәдени сипаттағы шешілмеген мәселелердің орасан зор қабаты жатыр.

Артур Ластаев сондай-ақ 2024 жылғы 15 сәуірде Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарын қорғау мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойғанын еске салды. Талдау халықтың жаңашылдықты оң қабылдағанын, ал беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ-ның заңнамалық жаңалықтарды құптағанын көрсетті.

Сонымен бірге, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңеске қатысушылардың назарын заңның қабылдануымен ұлттық заңнаманы сәйкестендіру бойынша қабылданған шаралардың беделін түсіруге бағытталған жалған ақпарат таратумен айналысатын бір топ адамдар пайда болғанына аударды.

«Заң балаларды отбасынан ажыратуға ықпал етеді деген «пікір» шындыққа мүлде жанаспайды. Заң бізді әлемдегі ең озық елдердің қатарына жақындатты және біз кейбір арандатушыларға беделімізді түсіруге, теріс пікір қалыптастыруға жол бермейміз. Заңды түсінбейтіндерге түсіндіріп береміз. Бұны әдейі жасайтындардың жолын кесу керек», - деп атап өтті Артур Ластаев.

Сондай-ақ сапар барысында Омбудсмен мен оның кеңсесінің өкілдері бірнеше әлеуметтік мекемелерді аралады. Оның ішінде Екібастұз қаласының ПБ әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдау орталығы, «Әлем» балаларды оңалту орталығы» ҚҚ, сондай-ақ «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығы бар.

Орталық жетекшісі Нағима Әбдірахманова мекеме тәрбиеленушілерімен бірге қонақтарға экскурсия жүргізіп, балалардың өмір сүру жағдайы мен дамуы туралы айтып берді.

Орталықтың отыз жылға тарта тарихы бар, ол 1995 жылы балалар үйі ретінде жұмысын бастаған. Содан бері көп нәрсе өзгерді және бүгінде заманауи стандарттарға сай жұмыс істейді.

Уәкіл мамандандырылған мекемелерде тұратын балалардың қорғауға, қамқорлық пен жылулыққа екі есе мұқтаж екенін атап өтті. Сондықтан балалар мекемелері мен орталықтарының қызметкерлеріне балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету міндеті мен жауапкершілігін арттыру жүктеледі.

Ол сондай-ақ әйелдердің құқықтарын қорғау мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа заңды түсіндірді. Артур Ластаев Қазақстан тек дәстүрлі отбасы құндылықтарын және отбасы институтын сақтауды жақтайтынын тағы да атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа заң балаларды педофилдерден қорғауға бағытталған. Сондай-ақ балаларды қорлау әрекеттерінен қорғау үшін азаматтарға неке-отбасылық қатынастар саласында көмек көрсететін отбасылық орталықтар құрылуда. Сонымен бірге, 16 жасқа толмаған балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 40 тәулікке қамауға алу жазасы да жаңарды. Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағандарға қатысты жауапкершілік бұрынғыдан да күшейе түсті.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар