ҚР барлық өңіріндегі автожолдарда жаңа автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылады: Астана қаласы, 06 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР барлық өңіріндегі автожолдарда жаңа автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылады

Қазақстанның барлық өңірінде әртүрлі санаттағы автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру үшін заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары (АӨС) орнатылады. Бұған дейін ҚР Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасы бойынша қолданыстағы АӨС-ға тиісті талдау жүргізілді.

Бұдан бұрын Жоғары аудиторлық палата 2015-2019 жылдарда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуының және көлік инфрақұрылымын дамытудың бюджеттік инвестициялық жобаларына бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Көлік министрлігіне нарықтағы автоматтандырылған өлшеу станцияларына талдау  жүргізіп, оларды қолдану мәселесін пысықтау тапсырылды.

АӨС – бұл фото және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, көлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, сондай-ақ осьтік жүктемелері мен жылдамдығын тіркейтін арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралы.

Талдау нәтижесінде бүгінде жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда Kistler (Швейцария), UNDS (Оңтүстік Корея) және Тензо-М (Ресей) автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылғаны анықталды. Бұдан басқа, Астананың кірме жолдарында Іntercomp (АҚШ) өндірген тензометриялық датчиктері бар 7 заманауи АӨС орналастырылған. Жүргізілген талдау негізінде АӨС-ты республиканың басқа өңірлеріне одан әрі тарату жоспарлануда.

Мәселен, Көлік министрлігі әкімдіктермен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп 220 қосымша АӨС орнату үшін жеке инвесторларды тарту мәселесін пысықтауда: халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда – 70, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда және қалалардың көшелерінде – 150.

Бұл салмақ және жылдамдық режимдерінің бұзылуын жедел анықтауға, жол қозғалысына сапалы мониторинг жүргізуге және жалпы автожолдардағы қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram-каналға жазылу

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстанның барлық өңірінде әртүрлі санаттағы автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру үшін заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары (АӨС) орнатылады. Бұған дейін ҚР Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасы бойынша қолданыстағы АӨС-ға тиісті талдау жүргізілді.

Бұдан бұрын Жоғары аудиторлық палата 2015-2019 жылдарда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуының және көлік инфрақұрылымын дамытудың бюджеттік инвестициялық жобаларына бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Көлік министрлігіне нарықтағы автоматтандырылған өлшеу станцияларына талдау  жүргізіп, оларды қолдану мәселесін пысықтау тапсырылды.

АӨС – бұл фото және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, көлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, сондай-ақ осьтік жүктемелері мен жылдамдығын тіркейтін арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралы.

Талдау нәтижесінде бүгінде жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда Kistler (Швейцария), UNDS (Оңтүстік Корея) және Тензо-М (Ресей) автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылғаны анықталды. Бұдан басқа, Астананың кірме жолдарында Іntercomp (АҚШ) өндірген тензометриялық датчиктері бар 7 заманауи АӨС орналастырылған. Жүргізілген талдау негізінде АӨС-ты республиканың басқа өңірлеріне одан әрі тарату жоспарлануда.

Мәселен, Көлік министрлігі әкімдіктермен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп 220 қосымша АӨС орнату үшін жеке инвесторларды тарту мәселесін пысықтауда: халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда – 70, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда және қалалардың көшелерінде – 150.

Бұл салмақ және жылдамдық режимдерінің бұзылуын жедел анықтауға, жол қозғалысына сапалы мониторинг жүргізуге және жалпы автожолдардағы қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.
Telegram-каналға жазылу

Аймақтағы жаңалықтар