Өңір басшысы ел чемпионы «Жетісу» әйелдер волейбол командасын қабылдады: Жетісу облысы, 15 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Өңір басшысы ел чемпионы «Жетісу» әйелдер волейбол командасын қабылдады

11:30 кеше - 15 Наурыз 2025 жылдың 2 Жетісу облысыЖетісу облысының әкімдігі

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев еліміздің 9 дүркін чемпионы, волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстанның XXXIII чемпионатында жеңімпаз болған «Жетісу» кәсіби волейбол клубының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында клуб өкілдері марапатталды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Сіздер «Жетісуға» чемпиондық атақты қайтарып қана қоймай, бір маусымда үш мәрте жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын тоғызыншы рет, Суперкубокты төртінші рет жеңіп алдыңыздар. «Жетісу» волейбол клубының спорттағы кәсіби жолы, жеңіс тарихы мен берік дәстүрі – өскелең ұрпаққа лайықты үлгі. Сіздер біздің үмітімізді ақтадыңыздар, - деген Б. Исабаев бұдан кейін марапаттау рәсіміне көшті.

Атап айтқанда, «Жетісу» әйелдер волейбол командасының бас бапкері Марко Гршич жоғары мемлекеттік награда - ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, клуб директоры Нияз Жантілеуов, команда капитаны Карина Денисова, ойыншылар Мадина Бекет, Перизат Нұрбергенова, Татьяна Никитина Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен және арнайы төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар ойыншылар мен жаттықтырушыларға, команданың спорт дәрігері мен массажисіне облыс әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.

Өздеріне құрмет пен қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірген команданың бас бапкері Марко Гршич :

- «Жетісу» командасының чемпион атануы - біздің ортақ жеңісіміз. Көз алдымыздағы үш кубокқа қарағанда бойымызды мақтаныш сезімі билейді. Ең алдымен спортшыларымыздың маусым бойы қалай табанды дайындалғанын, командалық рухын биік ұстағанын атап өткім келеді. Болашақта да ары қарай табанды жұмыс істеуіміз керек, - деді ол.

Сол сияқты команда капитаны Карина Денисова:

- Талдықорғанда кәсіби волейболды одан әрі дамыту үшін тамаша жағдай жасап, көмек көрсетіп, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Біздің бар жағдай жасалған өз заманауи жаттығу базамыздың болғаны бізге үлкен көмек болды. Біз сәтсіздікте де, жеңісте де бірге болдық, сол ұйымшылдығымыздың арқасында осындай жетістікке жеттік. Сөйтіп «Жетісу» клубының бұрынғы даңқын қайтарып ала алдық, - деді К.Денисова.

Атап өтсек, чемпионат қорытындысы бойынша К. Денисова үздік ойыншы, ал Дарья Шаргородская мен Мадина Бекет тиісінше үздік байланыстырушы және үздік либеро болып танылды.

Сонымен қатар кездесуде Бейбіт Исабаев өңірдің спорт саласы мен спортшыларына жан-жақты қолдау көрсетудің жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, «Жетісу» клубы бұған дейін 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2014, 2015 және 2020 жылдары сегіз рет ел чемпионы атанған болатын. Ал жуырда әйелдер командалары арасында волейболдан XXXIII Қазақстан чемпионатында тағы бір рет алтын медаль алып, клуб 2024-2025 жылдың маусымында еліміздің 9 дүркін чемпионы атанды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай.

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар