ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭС құрылысына белгіленген жиынтық қуаты 200 МВт аукциондық сауда саттық өткізілді
2024 жылғы 14 маусымда ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 200 МВт жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша ЖЭК бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық
сауда-саттыққа
қатысуға
9
компания
жіберілді,сауда
сессиясын
өткізу
барысында
қатысушылар
35
баға
ұсынысын
берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 1 400 МВт құрады.ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2024 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 9.01 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания анықталды:
«ЭкоВайнд» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 200 МВт, аукциондық бағасы 9.01 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жоба Қостанай облысында орналастырылады деп жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, USAID және БҰҰДБ өкілдері қатысты. Байқаушылар «KOREM» АҚ аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .
Келесі аукцион белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша 2024 жылғы 17 маусымға тағайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -